Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылық құрамы Ұлы Отан соғысының ардагері Ережепбай Муталипті арнайы барып құттықтады.
Іс-шара барысында қатысушылар ардагерге көрсеткен ерліктері, жанқиярлық еңбектері және жеңіс үшін қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы алғысын білдіріп, 5513 әскери бөлімінің әскери оркестрі ардагерге ерекше құрмет белгісі ретінде майдан әндерін орындады.