Жамбыл облыстық сотында мемлекеттік тілді қолдану мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облыстық сотында мемлекеттік тілді қолдану мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті

 ҚР Жоғарғы Сотының судьясы әрі Судьялар одағының төрағасы Д.Әмірдің қатысуымен өткен дөңгелек үстел  құқық қорғау және сот органдары арасында өзара іс-қимылды күшейту және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған.

Іс-шара барысында қылмыстық іс жүргізу мен құжат айналымында мемлекеттік тілді тиімді пайдалану жолдары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, іс жүргізу тілдерінің конституциялық қағидаттарын сақтай отырып, мемлекеттік тілдің дамуына барынша қолайлы жағдай жасалып жатқаны атап өтілді.