Халыққа қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерімен кездесу өтті

Халыққа қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерімен кездесу өтті

Тараз қалалық №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Ажибаев қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен заңнамаға енгізілген бірқатар өзгерістер туралы ақпарат берілді. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсету процесінде тұрмыстық жемқорлыққа жол бермеу қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Кездесу соңында пара алу, пара беру, бюджет қаражатын жымқыру сияқты заңсыз әрекеттердің салдары заңмен қатаң жазаланатыны туралы ескертілді.