Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттерімен кездесу өтті

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттерімен кездесу өтті

«Заң және Тәртіп» идеясын түсіндіру аясында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттеріне құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіру, әділеттілік пен парасаттылық ұғымдарының мәнін ашып, оқушыларды заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында кездесу өтті.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменттің қызметкері А.Ажибаев қатысып, оқушыларға білімді әрі тәрбиелі, заңды сақтайтын адал азамат болудың маңызды тұстарына тоқталып өтті. Сондай-ақ заңның қоғамдағы рөлі, құқықтық тәртіп пен жеке жауапкершілік туралы ақпарат беріліп, заңға қайшы әрекеттердің салдары жайлы нақты мысалдар келтіріліп, құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы айтылды.