Тараз қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұжымымен кездесу өтті

Тараз қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұжымымен кездесу өтті

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының  Тараз қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұжымымен кездесу өтті. Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Ажибаев қатысты.

Кездесу барысында заңнама талаптары, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін заңнама аясында туындайтын жауапкершілік туралы айтып өтті. Сондай-ақ, заңсыз қаражат жинауға, пара беру және пара алуға жол бермеу, заңбұзушылыққа жол бергендерге қолданылатын жаза түрлеріне тоқталып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан» туындайтын міндеттемелеріне тоқталып өтті.