Облыстық психикалық денсаулық орталығы қызметкерлерімен кездесу өтті

Облыстық психикалық денсаулық орталығы қызметкерлерімен кездесу өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының қызметкерлерімен кезекті профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және Жамбыл облысы бойынша Полиция департаментінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында квазимемлекеттік мекемелердегі комплаенс қызметінің міндеттері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жұмыстары, сондай-ақ алдын алу шаралары талқыланды. Сонымен қатар, ұжымның назарына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, сондай-ақ, алаяқтық құқықбұзушылықтың салдары және оларға жол бермеу бойынша нұсқаулықтар жеткізілді.