
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті өңір аумағындағы құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысандарды бақылауға алып, оларға тиісті сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат – бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы аяқталуына ықпал ету.
Атап айтқанда, департамент өкілдері мен сарапшылар Мойынқұм ауданы, Айдаралы ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінің, Шу ауданы, Сауытбек ауылындағы су құбыры желілері мен су тарту имаратының, Т.Рысқұлов ауданы, Жарлысу ауылындағы су құбыры желілері мен су жинау құрылысының және Тараз қаласындағы №15 орта мектебіне 300 орындық (оқу корпусы, акт залы, асхана) құрылыс объектісінің қазіргі жай-күйіне мониторинг жүргізді.
Аталған жұмыстар әлеуметтік нысандардың уақытылы берілуін және құрылыс барысындағы заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Департамент бұл бағыттағы бақылау мен сүйемелдеу жұмыстарын тұрақты түрде жалғастыратын болады.