Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің комплаенс-қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды

Семинар барысында қатысушыларға квазимемлекеттік сектордағы комплаенс-қызметтің тиімді жұмыс істеу тетіктері жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, заңнамада көзделген қаржылық бақылау шараларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді орындау, мүдделер қақтығысының алдын алу, кадрлық іріктеу, мемлекеттік сатып алу және өзге де бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен қамтылды.

Семинарда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Е.Бақтыхожаев комплаенс-қызметтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар, ол комплаенс-қызметтің негізгі міндеттерін нақтылап, ішкі талдауды сапалы жүргізудің алгоритмімен бөлісті.

Сонымен қатар, 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі міндеттері мен басым бағыттарына тоқталып, оның ішінде комплаенс-қызмет құрылымының және оның кәсіби деңгейде ұйымдастырылуының маңызын ерекше атап өтті. Бұл қызметті білікті кадрлармен қамтамасыз ету - сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы шешуші тетік екені айтылды.

Семинар соңында ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі толық жауаптар алды.