Жамбылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Жамбылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні Жамбыл облысының әкімі Е.Қарашөкеевтің төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиында, өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығы жол, білім салаларындағы өзекті мәселелері көтеріп, созымалы құрылысқа айналған әлеуметтік объектілер сүйемелдеу жұмыстары баяндады.

Өз кезенде, автомобиль жолдарын салу және жөндеу жұмыстары кезіндегі заңсыз іс-әрекеттерден арылту және бюджет қаражатын тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында бекітілген «Жамбыл – Сапалы жол» жобасы аясында іске асырылатын бағыттар талқыланды.

Сонымен қатар, білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген мониторинг нәтижелері қаралып, педогогтарды  конкурссыз қабылдауға жол бермеу мақсатындак білім беру ұйымдары басшыларын еңбек шарттарына жекеленген жауаптылықты енгізу қарастырылды.

Ал,  қолданыстағы заңнаманың конкурс комиссиялар бағытындағы нормаларына өзгеріс енгізу бойынша Оқу - ағарту министрлігіне ұсыныстар жолдау мәселесі де қолдау тапты.

Аталған өзгерістермен, педагогтарды конкурстық іріктеу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету және адами факторды толықтай жою үшін арнайы модуль арқылы онлайн өңіраралық комиссиялармен құжаттарды қарау тәжірибесі енгізу көзделуде.

Аймақ басшысы аталған салаларда анықталған тәуекелдерді жою үшін тиісті мемлекеттік органдарға нақты шаралар қабылдау жөнінде хаттамалық тапсырмалар беріп, жол саласы бойынша жоспардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.