Әлеуметтік сала мамандарымен профилактикалық кездесу өтті

Әлеуметтік сала мамандарымен профилактикалық кездесу өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өткен кездесуге Жамбыл облысы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі, департамент маманы, мемлекеттік кірістер органдарының өкілі және дін істері жөніндегі маманы қатысты.

Кездесу барысында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу, бақылау механизмдерін жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, мемлекеттік құрылымдардың жұмысында заңдылық пен ашықтық принциптерін қалыптастыру мемлекеттік саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтілді. Негізгі мәселелердің қатарында: бюрократиялық процедуралар мен әкімшілендірудің күрделілігіне байланысты әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың уақытында берілмеуі; мемлекеттік қолдауды бөлу процесінде кездесетін тәуекелдер; бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау және мониторинг механизмдерінің жеткіліксіздігі; процестердің цифрландыру және автоматтандыру деңгейінің төмендігі.

Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды күшейту, жұмыспен қамту және әлеуметтік саясат саласындағы процестердің ашықтығын арттыру, сондай-ақ бірлескен бастамаларды жүзеге асыру үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен одан әрі ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар айтылды.