
Мемлекеттік заңдылық, ашықтық және адалдық принциптерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандарымен профилактикалық кездесу өтті.
Кездесуге спикер ретінде Жамбыл облысы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі, департамент маманы, мемлекеттік кірістер органдарының өкілі және дін істері жөніндегі маманы қатысты.
Іс-шара барысында агроөнеркәсіптік кешен және табиғат пайдалану саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу жөніндегі негізгі мәселелер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету механизмдері талқыланды. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және ішкі бақылаудың тиімді механизмдерін енгізуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, қызметтік міндеттерді орындау кезінде этика және адалдық принциптерін сақтау қажеттілігіне назар аударылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау маңыздылығы айтылды.