
«Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мен сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметкерлерімен кездесу өтті.
Іс-шараға спикер ретінде Жамбыл облысы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі, департамент маманы, мемлекеттік кірістер органдарының өкілі және дін істері жөніндегі маманы қатысты.
Кездесуде аталған салаларда туындайтын негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қарастырылды. Олардың қатарында: рұқсат құжаттарын беру процесінің ашық еместігі; қала құрылысы жобаларын келісу кезінде заңсыз әрекеттер; құрылыс бағдарламаларын жүзеге асырудағы қаржылық бұзушылықтар; мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде мүдделер қақтығысы. Сондай-ақ, әкімшілік процестердің ашықтығын қамтамасыз ету, қоғамдық және ішкі бақылауды күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін цифрлық құралдарды енгізудің маңыздылығын атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру, сыбайлас жемқорлық мониторингінің механизмдерін жетілдіру және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша нақты ұсыныстар берілді.