
Заңдылық, ашықтық және тиімді мемлекеттік басқару қағидаттарын нығайту мақсатында облыстық білім басқармасы, мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, дін істері басқармасы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу басқармаларының қызметкерлерімен кездесу өтті.
Іс-шараға спикер ретінде Жамбыл облысы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі, департамент маманы, мемлекеттік кірістер органдарының өкілі және дін істері жөніндегі маманы қатысты.
Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды: ішкі бақылау шараларын жетілдіру және қызметтік міндеттерін орындау кезінде жауапкершілікті арттыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау және мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіне сай жұмыс істеу.
Мемлекеттік органдардың өкілдері алдын алу шараларын жетілдіруге және халықтың сенімін арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша ішкі регламенттерді әзірлеуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті күшейтуді және басқару процестеріне заманауи технологияларды енгізуді қоса алғанда, одан әрі жұмыс бағыттары айқындалды.