
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында өткен кездесуге Жамбыл облысы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі, департамент маманы, мемлекеттік кірістер органдарының өкілі және дін істері жөніндегі маманы қатысты.
Сондай-ақ, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, цифрландыру және архивтер басқармасы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, құрылыс басқармасы қатысты.
Кездесу барысында аталған салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды барынша азайту тетіктері туралы айтылды. Сондай-ақ, құқықтық реттеу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды жетілдіру, қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік сатып алуды қатаң бақылау, шешім қабылдау кезінде мүдделер қақтығысының алдын алу.
Мұндай кездесулерді өткізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, құқықтық сауаттылықты арттыруда және мемлекеттік ресурстарды тиімді басқаруды қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.