
Әлеуметтік желіде жарияланған сыни ақпараттарға сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында волонтерлар, құрылыс басқармасы, мердігер мекеме және ауыл әкімдігінің қатысуымен мектепке қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында Байзақ ауданы, Сеңкібай ауылындағы орта мектептің асхана, спортзал, қыздар, ұлдар киім ауыстыратын бөлмелердің, әжетханалардың қабырғаларында сызаттар пайда болып, кейбір қабырғалары өз деңгейінен төмен түскені және құлаған жерлер бар екені анықталды.
Осыған орай, құрылысы басқармасына аталған кемшіліктерді қалпына келтіру қажеттігі туралы бойынша тиісті хат жолданды.
Құрылыс басқармасының жауап хатына сәйкес, мердігер мекеме тарапынан анықталған кемшіліктерді, балалардың қауіпсіздігіне байланысты жаздық демалыста толықтай қалпына келтіру туралы кепілдік берілгені жеткізілді. Аталған мәселе сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар бақылауына алынды.
Қазіргі таңда апаттық аумақтар толықтай жабылып, қалпына келтіру мерізіміне дейін балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.