
Жамбыл облысында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің департаменті қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды талқылауға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті превенция басқармасының басшысы Е.Бактыхожаев қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство өкілі қолданыстағы заң нормалары және 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы аясындағы алдағы өзгерістер туралы ақпарат ұсынды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғаны және олардың елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына теріс әсер ететіні атап өтілді.
Шекара қызметіндегі ашықтықты арттыру үшін бақылау шараларын күшейту ұсынылды: қаржылық операцияларға тәуелсіз аудит жүргізу, бақылау-өткізу пункттерінде бейнебақылау орнату, құжаттарды рәсімдеуді цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу, сондай-ақ жасырын тексерулер жүргізу және қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту ұйымдастыру. Ерекше назар кадр саясатына, оның ішінде ротация және қызметтік байланыстарды бақылау, сондай-ақ қоғамдық бақылау механизмдері мен құқық бұзушылықтар туралы хабарлау үшін анонимді арналары енгізу қажеттілігіне аударылды.
Шекара қызметінің қызметкерлері бұл бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды іске асыруда ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Олардың пікірінше, бақылау шараларын күшейту қызмет тиімділігін арттырып, шекара қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.