
Жамбыл облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің ұжымымен өткен кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің превенция басқармасы басшысы Е.Бактыхожаев қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру бойынша заңнама және оның жаңа өзгерістері туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың салдары заңмен қатаң қудаланатыны және оның елдің дамуына кері әсер ететіні атап өтілді.
Шекара қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін қаржылық бақылауды күшейту (шығындарды аудиттеу, мүлікті тексеру), өткізу бекеттерінде бейнебақылау орнату, процестерді цифрландыру (электронды кезек, қолма-қол ақшасыз төлемдер), жасырын инспекциялар жүргізу, қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту өткізу, кадрлық бақылау (ротация, байланыстарды тексеру), сондай-ақ қоғамдық мониторинг пен анонимді хабарлау арналарының құрылуын қамтамасыз ету ұсынылды. Бұл шаралар шекара органдарының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Шекара қызметінің өкілдері бұл шараларды іске асыруға мүдделі екендерін білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, тиімді бақылау ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететіні айтылды.