Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттерімен кездесу өтті

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттерімен кездесу өтті

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне арналған кездесу өтті. Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Е.Бақтыхожаев қатысты.

Кездесу барысында Е.Бақтыхожаев адалдық қағидаттарын нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған кешенді шаралар туралы ақпарат берді. Ол жастардың әділ және ашық қоғам қалыптастырудағы негізгі рөлін атап өтіп, студенттерді сапалы білім алуға және өз білімдері мен дағдыларын жан-жақты дамытуға шақырды. Сонымен қатар, кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, спикер күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу тетіктері туралы айтып, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында спикер студенттердің сұрақтарына жауап беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті мәселелері бойынша түсіндірмелер берді.