Жамбыл аудандық орталық аудандық ауруханасының ұжымымен кездесу өтті

Жамбыл аудандық орталық аудандық ауруханасының ұжымымен кездесу өтті

Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға бағытталған іс-шаралар аясында Жамбыл аудандық орталық аудандық ауруханасының ұжымымен кездесу өтті. Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Е.Бақтыхожаев қатысты.

Кездесу барысында Е.Бақтыхожаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы негізгі өзгерістерге тоқталып, баяндама жасады. Ол квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплаенс-қызмет аясында жүзеге асырылуы тиіс шараларды, сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Спикер тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, пара беру және алудың жолын кесу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында адалдық пен ашықтық қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді күшейту бойынша практикалық ұсыныстар алды.