Жамбыл ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті

Жамбыл ауданының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен кездесуге Жамбыл облысы әкімінің әдеп жөніндегі уәкілі, департамент маманы, мемлекеттік кірістер өкілі және дін істері саласының маманы қатысты.

Кездесуге сондай-ақ аудан әкімі аппаратының басшысы мен аппарат қызметкерлері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Кездесу барысында сыйлық беру және алу тәжірибесі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және заңмен тыйым салынғаны жеткізілді. Сондай-ақ, әкімшілік құқықбұзушылықтар – мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін төмендетіп, қоғамдық сенімге нұқсан келтіретіні. Осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормаларын сақтау жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу керектігі ескертілді.