
«Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы аясында Тараз инновациялық көпсалалы колледжінде кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдағы құқық тәртібін нығайту, жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктердің алдын алу, сондай-ақ заң мен тәртіптің үстемдігін насихаттау болды.
Кездесу барысында департаменттің бас маманы А.Ажибаев әрбір азаматтың құқық тәртібін нығайту үшін жауапкершілігін және белсенділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол қоғамдағы заң мен тәртіптің рөлі, «Тәртіпті өзіңнен баста» принципі туралы ақпаратпен бөлісіп, студенттердің құқықтық білімін арттыру және құқықтық мәдениетті насихаттауға бағытталған шаралар туралы айтты. Ашық диалог форматында өткен кездесуде студенттер сұрақтар қойып, өзекті құқықтық мәселелерді талқылады және сарапшылардан пайдалы ұсыныстар алды. Сондай-ақ кездесуде академиялық адалдықты қалыптастыру және сапалы білім алу мәселесі көтерілді.