Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі ұжымымен кездесу өткізілді

Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі ұжымымен кездесу өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі ұжымымен кездесу ұжымымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге департаментінің бас маманы А.Ажибаев қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бағытында атқарылып жұмыстар бойынша мағлұмат беріп өтті. Сонымен қатар, заңнамаға енгізілген өзгерістер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының  2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының міндеттеріне кеңінен тоқталып өтті.

Тұжырымдаға сәйкес кез келген білім беру ұйымдары оның ішінде спорт бағыты бойынша білім беретін мекемелердің басты мақсаты жемқорлық көріністеріне жол бермеу сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеті қалыптасқан, жемқорлық әрекеттерден бойды аулақ ұстайтын жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Жиналыс соңында спорт мекемелерінің басшылары бірқатар сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.