Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ұжымымен кездесу өтті

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы ұжымымен кездесу өтті

Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы А.Ажибаев қатысып, кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, заңнамаға енгізілген бірқатар өзгерістер, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін заңнама аясында туындайтын жауапкершілік пен оның салдары айтылды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылығы, пара беру және пара алуға жол бермеу, сондай-ақ заңнама талаптарын бұзған азаматтарға қолданылатын жаза түрлері, сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасынан туындайтын негізгі міндеттері туралы айтылды.