«5513» әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өтті

«5513» әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесу өтті

2024 жылдың 25 сәуір күні Тараз қаласында орналасқан 5513 әскери бөлім жеке құрамымен кездесу өтті. Кездесуге Департаменттің Превенция басқармасының бас маманы А.Ажибаев қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, аталған заң аясында жемқорлық әрекеттер үшін қарастырылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер туралы айтылып өтті. Сонымен қатар 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдамадан туындайтын міндеттер туралы айтылып өтті. Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.