Квазимемлекеттік сектордағы жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолдары талқыланды

Квазимемлекеттік сектордағы жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жолдары талқыланды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Қ.Байгебаев квазимемлекеттік мекемелердегі комплаенс қызметіне жауапты мамандармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында квазимемлекеттік сектордағы комплаенс қызметіне жауапты мамандардың негізгі міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты мен стандарттары аясындағы жұмыстарды үйлестіру, бекітілген жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған ішкі талдауды сапалы жүргізудің әдіс-тәсілдері туралы айтылды. Сонымен қатар, комплаенс-қызметін одан әрі жетілдіру жолдарын қарастыру ұсынылды.