Шекарашылармен кездесу өтті

Шекарашылармен кездесу өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұжымымен кездесу өтті. Кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы А.Ажибаев қатысты.

Кездесу барысында жемқорлыққа қарсы заңнама және 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдаманы жүзеге асыру бағытында заңға енгізілетін жаңа өзгерістер жобасы бойынша баяндама жасалды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың салдары заңмен қатаң қудаланатыны, елдің дамуына тигізетін кері әсері, сонымен қатар, мемлекеттік функцияны жүзеге асыру барысында жемқорлық әрекеттерге қарсы тұру керектігі айтылды.