Азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өтті

Азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өтті

«Антикор» орталығында өткен азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысы Қ.Байгебаев және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Кездесуде қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланып, превенция басқармасының басшысы Қ.Байгебаев жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, азаматтық қоғам өкілдерімен біріге жұмыс жасау бойынша бірқатар бағыттарды айтып өтті.

Кездесу барысында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, департамент жанынан құрылған спикерлер пулының жетекшісі Қ.Төлендиев спикерлер пулының құрамын қайта жасақтап, қоғам арасында өткізілетін жұмыстардың санын арттыру бойынша ұсынысын айтып өтті.

Сондай-ақ кездесу барысында облыстық ардагерлер кеңесінің өкілдері ақыл-кеңестерін ұсынса, өзге де қатысушылар қоғамдық негізде атқарылып жатқан оң өзгерістерімен бөлісті. Жаңадан жасақталатын жұмысшы топтың мүшелері бастамаға бағдарлы бағыт сілтейтін ұсыныстарын ортаға салды.