Болашақ ұстаздармен кездесу өтті

Болашақ ұстаздармен кездесу өтті

М.Х.Дулати атындағы өңірлік университетінің «Ұстаз» институтының жастарымен өткен кездесуге «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры, департамент жанынан құрылған спикерлер пулының жетекшісі Қ.Төлендиев пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Т.Нұрханова қатысты.

  Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың                  2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру бойынша кешенді жоспар аясындағы атқарылуы тиіс жұмыстар туралы айтылып, студент жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, көзқарасын қалыптастыру және студенттік ортада академиялық адалдық қағидатын енгізу. Адалдық және әділдік қасиеттерін нығайтуға бағытталған қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға шақырып, білімін жан-жақты жетілдірудің маңызды жақтарын айтып өтті.