Антикор еріктілері 26 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеді

Антикор еріктілері 26 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеді

Жамбыл облысы бойынша Антикор еріктілері мемлекеттік сатып алу порталына жүргізген зерделеу барысында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі» КММ тарапынан оқу кабинетін жабдықтау бойынша жарияланған конкурстың бағасы жоғары екенін анықтады.

Зерделеу барысында білім беру мекемелеріндегі ұлдарға және қыздарға арналған физика, биология, химия сияқты оқу кабинеттерін материалдық-техникалық жабдықтауға бюджеттен  367 млн теңге бөлінген, ал орташа баға 340-345 млн теңге арасын құрайды.

 Зерделеу қорытындысы бойынша аталған мекемеге тиісті хат жолданып, конкурстың бағасы қайта қаралып 341 млн теңге бөлінді. Нәтижесінде 26 млн теңге бюджет қаржысы үнемделді.