Жамбыл облысы Шу аудандық полиция бөлімінің тергеушісі пара алу бойынша күдікті

Жамбыл облысы Шу аудандық полиция бөлімінің тергеушісі пара алу бойынша күдікті

        Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Шу аудандық полиция бөлімінің тергеушісіне қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

        Ол қылмыстық істі тергеп-тексеруді оңайлатылған тәртіппен аяқтау үшін 500 000 теңге сомасында ақшалай қаражат алған. Күдікті кінәні толық мойындады.

        Тергеу жалғасуда.

        Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

        Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.