Жүргізуші куәлігін беру бойынша алаяқтар сотталды

Жүргізуші куәлігін беру бойынша алаяқтар сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ІІМ-мен бірлесе ХҚКО қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде бірқатар жемқорлық тәуекелдеріне тосқауыл қойылды. ІІМ өзінің барлық аумақтық бөлімшелерінде автокөлік құралдарының дерекқорын түзетуге қолжетімділікті жауып, емтихан алушылардың міндетті биометриясы мен тестілеудің барлық процесіне бейнетіркеу енгізді, емтихандарды қайта тапсыру регламенті өзгертіліп, пилоттық режимде арнайы ХҚКО мен ІІМ-де жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылды.

Аталған шаралар бірқатар заңсыздықтардың алдын алуда.

Мәселен, Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Ж.Е.Мамыраимов пен Е.Б.Дәулетке алаяқтық үшін 4 жылға бас бостандықтарын шектеу жазасы тағайындалды.

Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметіне сәйкес аталған тұлғалар 2021-2022 жылдар аралығында жүргізуші куәлігін алып беру сылтауымен 8 азаматты алдап, 150 000-300 000 теңге көлемінде қаражаттарын иемденген. Алынған ақшаның жалпы сомасы 1,2 млн теңгені құрайды.

Үкім заңды күшіне енді.

Антикор қабылданып жатқан шаралар аясында, мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды ресімдеу бойынша делдалдардың заңсыз әрекеттеріне назар аударады.

Егер сіз заңсыз фактілерге тап болсаңыз, 1424 Call-орталығы бойынша хабарласа аласыз.