2023 жылдың 16 тамызы күні өткен форумға облыстың түпкір-түпкірінен әр түрлі салада жұмыс істейтін 500 жас мемлекеттік қызметші қатысты.
Форум барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Д.Омаров сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген бірқатар өзгерістер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайтын міндеттер, азаматтардың билік органдарына деген сенімін арттыру үшін мемлекеттік қызметтің оң имиджін, оның ішінде адал, лайықты мемлекеттік қызметшілер қатарын арттырудың маңыздылығы туралы айтып өтіп, қатысушыларды елдің ертеңін ойлайтын, кемел келешек қалыптастыратын, адалдықты ту ететін қоғамды қалыптастыру жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Сонымен қатар, форум барысында жас мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбы аясында әзірленген 500 дана таратпа материалдары таратылды.