
2023 жылдың 15 тамыз күні «Ой шебері» атты интеллектуалдық ойыны өтті. Зияткерлік сайысқа жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың облыстық департаменттерінен іріктелген түрлі салада жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі 30 жас мемлекеттік қызметші қатысып, ой додасында бақ сынасты.
Байқауға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Д.Омаров төрелік етті.
Байқау барысында әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағыттары аясындағы сұрақтар қойылып, логикалық жұмбақтар мен ситуациялық жағдайлар бойынша өзара сынға түсті.