Білім саласындағы өзекті мәселелер аясында жиын өтті

Білім саласындағы өзекті мәселелер аясында жиын өтті

2023 жылдың 25 сәуір күні білім саласындағы өзекті мәселелер талқылау бойынша жиын өтті. Жиынға Департамент басшысы Б.Жылқыбаев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев, Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету бойынша облыстық департамент басшысы Д.Ускумбаева, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы М.Өмірбек, Департаменттің превенция басқармасының басшысы Д.Омаров және Тараз қаласы мен барлық ауданның білім бөлімдерінің басшылары қатысты.

Жиын барысында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының бюджет қаражатын жоспарлау және игеру жөніндегі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілетіні туралы айтылды. Талдаудың мақсаты білім саласындағы ұйымдардың бюджет қаражатын жоспарлау және игеру қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен жүйелі проблемаларды жою болып табылады. Сыртқы талдау нормативтік құқықтық актілердегі, білім саласы  ұйымдарының бюджет қаражатын жоспарлау және игеруге байланысты ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүзеге асырылады. Қатысушыларға осы бағыттағы жұмысқа белсенді түрде атсалысу қажеттілігі туралы айтылды.