Тараз қалалық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тергелуде

Тараз қалалық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс тергелуде

Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша ҚР ҚК 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен қозғалған қылмыстық іс тергелуде.

2021 жылы Тараз қ. жер комиссиясының шешімімен Тараз қ. тұрғынының шаруашылық жүргізуге арналған жер телімін ғимарат пен құрылыс салуға арналған, жалпы көлемі 3,56 га 2 жер теліміне тегін ауыстырылғандығы анықталды

Жер телімдерін негізсіз ауыстыру нәтижесінде мемлекетке 159 млн. теңгеге залал келтірілген.

Тергеу барысында Тараз қалалық жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы мен аталған бөлімнің бұрынғы сектор меңгерушісі қамауға алынып, оларға қатысты Тараз қалалық тергеу сотымен «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қылмыскерлердің әрекетіне соңғы бағаны сот береді.

Іс бойынша тергеу жалғасуда.