«Адал көмек» жобасы аясында тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетіледі

«Адал көмек» жобасы аясында тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетіледі

А.ж. 20 қазан күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін алғаш рет Тараз қ. ХҚКО-ның бөлімінде жер, тұрғын үй қатынастары, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өтеді.

Азаматтар өз сұрақтарын тұрғын үй қатынастар бөлімі басшысының м.а. М.Рахымбекұлына, жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Бижигитовқа, Тараз қ. әкімдігінің тұрғын жай - коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысының м.а. Е.Сейтбековқа, сондай-ақ ХҚКО бөлімінің және Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдеріне қоя алады.

«Adal komek» жобасының мақсаты- азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде құқықтық көмек көрсету.

Шараға қатысу үшін 8 774 503 07 49 WhatsApp нөмірі арқылы алдын ала жазылу қажет.