«Адал көмек» жобасы аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсетіледі

«Адал көмек» жобасы аясында азаматтарға құқықтық көмек көрсетіледі

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде  құқықтық көмек көрсету мақсаты болып табылатын «Adal komek» жобасы оффлайн форматқа көшуде.

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «Аntikor ortalyǵy» қызмет көрсету орталығында апта сайын бейсенбі күндері халықпен түсіндірме кездесулері өтеді.

Отырыстың тақырыбы мен баяндамашысы көрсетілген хабарландырулар әр дүйсенбі сайын бұқаралық ақпарат құралдарында, Департаменттің www.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылады.

А.ж. 11 тамызында сағат 16:00-де Жамбыл облысының заң консультанттар палатасының мүшесі Тортаев Қанат Үсенұлы азаматтарға құқықтық көмек көрсетеді.

Шараға қатысу үшін 8 774 503 07 49 WhatsApp нөмірі арқылы алдын ала жазылу қажет.