Антикор денсаулық сақтау мекеме басшыларына шекті бағадан жоғарылатып сатып алуды доғаруды жеткізді

Антикор денсаулық сақтау мекеме басшыларына шекті бағадан жоғарылатып сатып алуды доғаруды жеткізді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік сатып алу сайтында жүргізілген мониторингпен ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының талаптарын бұза отырып бекітілген шекті бағадан жоғары сатып алынған фактілер анықтады.

Мысалы, облыстық коп бейінді балалар ауруханасы тек бір дәрілік заттан  9 млн теңгеге шекті бағадан асып кетуіне жол берген. Осылайша облыс бюджеті тиімсіз жұмсалған. Тектес жағдайлар басқа да  денсаулық сақтау ұйымдарында орын алған. Бұл туралы, ағымдағы жылдың 3 тамыз күні облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен басқармаға қарасты медициналық ұйым басшыларының қатысуымен өткен кездесуде айтылды.

Жиналыс барысында Департаменттің Превенция басқармасының басшысы Д.Омаров мемлекеттік бюджетті үнемдеу мақсатында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы қатаң сақтау керектігін ескертті.

Жиын барысында медициналық ұйымдарға жұмысқа қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тыйылмай тұрғаны да айтылды. Осы орайда, медициналық ұйымдарда орта буынды қызметкерлерді жұмысқа қабылдау барысында ашықтықты орнатып, аталған қызметке қабылдау барысын ашық конкурс арқылы өткізіп, әлеуметтік желілерде, сайттарда хабарлама беру арқылы өткізу бойынша ұсыныс енгізілді. Сонымен қатар, жемқорлық қылмыс жасаған азаматтарды жұмысқа қабылдау фактілері денсаулық сақтау ұйымдарында жиі кездесетіні айтылды.

Осы кездесудің нәтижесімен пәрменді шаралар қабылданбай, орын алған кемшіліктер қайталануына жол берілетін болса, облыс әкіміне денсаулық сақтау басқармасына қатысты тиісті ұсыныс енгізілетінін жеткізді.