Денcаулық сақтау саласының қызметкерлері түзету мекемесіне барды

Денcаулық сақтау саласының қызметкерлері түзету мекемесіне барды

2022 жылдың 3 тамыз күні Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері мен басқармаға қарасты денсаулық сақтау ұйымдарының басшылық құрамы ЖД-158/1 мекемесінде болды.

Аталған шара сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Келушілер сотталушылардың темір тордың ар жағындағы қамаудағы жағдайын өз көздерімен көрді. Қызметкерлерге заңды бұзған кез келген адамды не күтіп тұрғаны анық көрсетілді.