«Antikor ortalygy» қызмет көрсету орталығында кезекті азаматтарды қабылдау өткізілді

«Antikor ortalygy» қызмет көрсету орталығында кезекті азаматтарды қабылдау өткізілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Болат Жылқыбаев «Antikor ortalygy» қызмет көрсету орталығында кезекті азаматтарды қабылдауын өткізді.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған қабылдауда Б.Жылқыбаев жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне қатысты екі азаматтың уәждерін тыңдады.

Бұл ретте, Департамент басшысы жауапты қызметкерлерге мәселені зерделеп, органның құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері Департамент басшылығымен 11 азаматтарды қабылдау өткізіліп, онда 13 адам қабылданды.

«Antikor ortalygy» азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін қабылдайды. Орталықта тұрақты негізде жұмысты құқықтық кеңес беру қызметі болып табылатын процессуалдық қызметкер жүзеге асырады.