Жамбылда 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында үздік журналисттер марапатталды

Жамбылда 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында үздік журналисттер марапатталды

«Заң және тәртіп» апталығы аясында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбындағы үздік жарияланымдардың облыстық байқауы өтті.

Байқау ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен, облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының және «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша  Кусаин Махаббат, Умбетиярова Дариха, Узбекова Айжан, Рахмет Саламат және Орынбасар Мағжан жұмыстары үздік деп танылып, жұмыс авторларын марапаттау рәсімі өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін күшейту болды. Байқау нәтижесі бойынша үздік атанған журналисттер алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.