«Заң және тәртіп» апталығы: Жамбылда республикалық «Quiz-2025» интеллектуалды ойындары өтті

«Заң және тәртіп» апталығы: Жамбылда республикалық «Quiz-2025» интеллектуалды ойындары өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Жамбыл облысының әкімдігі және «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен ойынға Ұлытау, Қостанай және Жамбыл өңірінің жастары қатысты.

Интеллектуалды ойын мақсаты – «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық құндылықтарын насихаттау

Ойын нәтижесі бойынша бірінші орынды Ұлытау облысы, Жезқазған жоғары политехникалық колледжі, екінші орынды Жамбыл облысы жастарының құрама командасы, үшінші орынды М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті жеңіп алса, ал ынталандыру жүлдесіне А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті ие болды.

Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, алғыс хаттар мен арнайы жүлделер табысталды.