ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жоғары оқу орындары мен колледж студенттері үшін Ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға департаменттің тыныс-тіршілігі, превенция бағыты мен «Антикор орталығының» жұмыс бағыттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі негізгі құралдар, заңнамадағы өзгерістер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың басым бағыттары түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің артуына, сондай-ақ өз міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындау қажеттігін терең түсінуге ықпал етеді.