ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес «Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында 23 маусым күні «Mart» ойын сауық-сауда орталығында тұрғындарға заңгерлік көмек көрсету акциясы өткізілді.
Акция барысында барлық құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері өңір тұрғындарын тыңдап, көмек көрсетті.
Акция мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың мәселелерін шешу, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайту. Акцияға дайындық барысында азаматтардың өтініштері зерттеліп, шығатын жұмыс топтарының нақты үйлестірілуі қамтамасыз етілді.