«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы

Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Өткізу күні: 30.05.2025ж., сағат 17.00
Өтетін орны: «Mart» (Тараз қ., Төле би 27) сауда орталығы.