ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті білім саласының басшылық құрамы мен комплаенс-қызметіне жауапты мамандарға арналған «Білім беру жүйесінде №4 үлгілік бағытты тиімді іске асыру тетіктері» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар аясында қатысушыларға заңмен белгіленген қаржылық бақылау тетіктерін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен талаптарды орындау, мүдделер қақтығысының алдын алу, кадрлық іріктеу мен мемлекеттік сатып алу процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету сынды маңызды мәселелер бойынша жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ, комплаенс-қызметінің тиімділігін арттыру жолдары кеңінен талқыланды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Е.Бақтыхожаев өз сөзінде: «Білім саласы үнемі халық назарында, осы салада арыз-шағым көп түсетінін және осы бағытта кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша комплаенс қызметі маңызды рөл атқарады. Комплаенс қызметіне жауапты мамандарға үлкен жауапкершілік жүктелген», - деді.
Сонымен қатар, Жамбыл облысының әдеп жөніндегі уәкілі Е.Бекпатшаев пен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Л.Кзылкулова комплаенс-қызметінің негізгі міндеттерін нақтылап, ішкі талдау жұмыстарын жүйелі түрде жетілдіру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін дер кезінде анықтау бойынша бірқатар нақты ұсыныстар енгізілді. Сондай-ақ, семинарда жобаларды орындау бойынша нұсқаулық, бағалау әдістемесі мен кестесі және есеп нысандары аясында жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу нәтижесінде қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және комплаенс қызметін тиімді жүзеге асыру бойынша өз білімдерін тереңдетіп, тәжірибе алмасты.