Әлеуметтік сала мамандары тергеу изоляторына барды

Әлеуметтік сала мамандары тергеу изоляторына барды

Мемлекеттік және медициналық әлеуметтік сақтандыру салаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мақсатында порфилактикалық жұмыстары ұйымдастырылып, аталған сала мамандары №67 түзету мекемесінің жағдайымен танысты.

Атап айтқанда, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалдарының қызметкерлері түзету мекемесінің ішкі тәртібімен және жазасын өтеушілердің ұсталуының нақты жағдайларымен танысты.

Іс-шараға қатысқан мамандарға жазасын өтеп жатқан сотталушылардың қандай жағдайда ұсталатыны көрсетіліп, қамау камералары таныстырлды. Сәйкесінше әлеуметтік сақтандыру саласының мамандары заңбұзушылықтың соңы неге апаратынын тікелей көріп, оған жол бермеу керектігін ұғынды.