Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру аясында лекция өтті

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру аясында лекция өтті

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Жамбыл облыстық филиалында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курсы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында лекция өткізілді. 

Лекция барысында заңнамаға енгізілген өзгерістер, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының» негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін қолданылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды. Сонымен қатар, заңбұзушылыққа жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылығы туралы айтылды.

Лекция қорытындысы бойынша адалдық және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.