«Жеңіске жол» тақыбырында оқушылармен кездесу өтті

«Жеңіске жол» тақыбырында оқушылармен кездесу өтті

Тараз қалалық №3 мектеп-лицей оқушыларымен өткен кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент бас маманы А.Ажибаев қатысты. 

Кездесу барысында жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы, сапалы білім алудағы табандылық әрі адалдық қасиетін бойға сіңірудің артықшылықтары түсіндіріліп, батыр бабалар ерлігіне тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың басты мақсаты екені айтылды. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасымен бекітілген жоспар аясында «Адал ұрпақ» клубтары аясында өткізілуі тиіс бағыттар айқындалып, агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытындағы жұмыстары айтылды.