Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студенттерімен өткен салтанатты жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент бас маманы А.Ажибаев қатысты. Сондай-ақ, салтанатты жиынға Ауған соғысы ардагерлері мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында адал, патриот, білімді азамат болудың маңызды тұстары айтылып, елге қызмет ету үшін парасатты тұлға болып қалыптасудың мәні түсіндірілді. Сонымен қатар, іс-шара барысында батыр бабалар ерлігі баяндалды. Бұл өз кезегінде – ел қорғаған ерлердің майдан даласындағы табандылығын еске салып, сол дәуірдің рухын сезіндірген тағылымды қадам болды. Аталған шара тарихты ұмытпай, ерлікті ұлықтап, ұлт жадын жаңғыртқан мағыналы басқосу болды.